№27 И.Тайманов атындағы орта мектеп
«Жас Ұлан» қоғамдық ұйымының
2021 - 2022 оқу жылы бойынша есебі
Тәлімгер: Ә. Мұхамбет
2011 жылғы 11 ақпанда өткен «Нұр Отан» ХДП XIII Съезінде Елбасы, «Нұр Отан» ХДП Төрағасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның жас азаматтарының басын біріктіретін «Жас Ұлан» бірыңғай қозғалысы және «Жас Қыран» балалар ұйымдарының жаңа жүйесін құру керектігін атап өткен болатын. Осыған орай Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойы қарсаңында 2011 жылғы 6 шілдеде «Елорда күніне» арнап, жастар ұйымдары көшбасшыларының бастамашыл тобы «Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық Қоғамдық Бірлестігін құрды.
«Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының мақсаты: Өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру.
Бүгінгі таңда мектебімізде «Жас қыран», «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымында 1 – 10 сыныптар арасында 358 оқушы ұйым қатарында. Жас Қыран (2-4 сынып) ұйым оқушылар саны 170 , Жас Ұлан (5-10 сынып) ұйым оқушылар саны – 188. Мектепте қай шара болмасын ұйым мүшелері белсене араласып, оқуда озат, өнерлі, жан – жақты ұйым мүшелері қалалық, облыстық байқауларға қатынасып, көптеген игілікті істер атқарып, көпке үлгі бола білді және біршама жетістіктерге жетті.
2021 – 2022 оқу жылы басында «Жас Ұлан» ұйымының негізгі 7 бағыты бойынша клубтар құрылып және клуб құрамы сайланды. Ұйым мүшелерінің жылдық жұмысы таныстырылып, жоспарға сай жұмыс жасалып келеді. 2021 - 2022 оқу жылы бойынша Жас Ұландық мектеп бітірушілер саны – 7
Еліміздің болашағы – ұрпақ тәрбиесінде. Елдің болашағын баянды ететін жастар, жас ұландар. Олар әрқашанда қоғаммен біте қайнасып әр бала өзін сан алуан қырынан танытады. «Жас Ұлан» мүшелері әрдайым тума таланттарымен, ұшқыр қиялдарымен, өрен өнерлерімен, асқақ армандарымен, әдеп-ибаларымен қашанда ерекшеленіп тұрады. «Жас ұлан» ұйымының белді де белсенді мүшелері алдағы уақытта да Қазақстан Республикасының өсіп-өркендеуіне, көркейіп-гүлденуіне ат салысып, үлес қосады деген сенімдемін. Болашақта еліміздің сан саласына табан тірейтін қазіргі жас ұланның ел иелігіне қызмет жасайтың кезеңінде де қандай тәрбие мен өнеге алғанын, ұлағатты ұстаздардың төккен шуағы мен балалығының бірде бір күн бос өтпегенін есіне салатын ұйым ретінде мәңгі есте қалатынына сенімдімін. Жас ұландардың қазақ елінің баянды болашағының тарихи жауапкершілігі өз мойындарында екенін сезіп, Мәңгілік елдің асыл мұраттарын іске асыратын мәңгілік ел ұландары болатынына сенімім мол.
2021 жылдың 22 қазан күні Атырау қаласы №27 И.Тайманов атындағы орта мектебінде Республикалық бірыңғай "Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымының Ұланбасын сайлауы өтті.
"Жас Ұлан" ұйымының мақсаты: өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, Отанға деген сүйіспеншілікті арттырып, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру.
Ұланбасына үміткер ретінде 4 оқушы өз бағдарламаларын дайындап ұсынды.
- Жаңбыр Сымбат /8-сынып/
- Сапар Бексұлтан /8-сынып/
- Ибатолла Айару /8-сынып/
- Амирова Қарақат /8-сынып/
Дауыс нәтижесінде:
Сапар Бексұлтан "Жас Ұлан" ұйымының Ұланбасы болып сайланды.
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1190551471436287&id=100014443350259
2021 жылдың 13 қазан күні "Жас Ұлан" бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының құрылғанына 10 жыл толуына орай Атырау қаласы №27 И.Тайманов атындағы орта мектебінің тәлімгері мен көшбасшылары слетке белсене қатынасты.
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1184182322073202&id=100014443350259
Ағымдағы жылдың 1 – 5 қараша аралығында "Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымының ұйымдастыруымен мектепішілік "Күз аруы - 2021" онлайн байқауы ұйымдастырылды.
Байқау қорытындысы:
5 сыныптар арасында "Күз аруы - 2021" номинациясын әрі бас жүлдені
5 "г" сынып аруы - Қуанғали Сабина;
I орынды 5 "а" сынып аруы - Берікқызы Кәусар;
II орынды 5 "ғ" сынып аруы - Ерланқызы Асылжан
III орынды 5 "в" сынып аруы - Марат Көркем;
6 сыныптар арасында:
I орынды 6 "а" сынып аруы - Жолдығали Айлин;
II орынды 6 "ғ" сынып аруы - Абдирова Балауса;
III орынды 6 "г" сынып аруы - Ысмағұл Назира иеленді.
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1199020837256017&id=100014443350259
"Жас Ұлан" бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына 10 жыл: айқын мақсат, межелі бағыт, көшбасшы тұлғасын қалыптастыру тақырыбындағы ұйым көшбасшылары мен жетекші-тәлімгерлерге арналған ағымдағы жылдың 13 қазан күні болған слетке қатысқаны үшін Атырау қаласы №27 И.Тайманов атындағы орта мектебінің тәлімгері Мұхамбет Әсемгүл Мақсотқалиқызы алғыс хатпен және мектептің "Жас Ұлан" ББЖ ұйымының белсенді мүшелері "Жас Ұлан " ББЖҰ ҚБ-нің төрайымы Мартагүл Төлеуқызынан Алғыс хат және сертификаттармен марапатталды.
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1201707226987378&id=100014443350259
Ағымдағы жылдың 6 қараша күні Атырау облысы мектеп оқушылары арасындағы "Жас Ұлан" бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының 10 жылдығына арналған "ZhAS ULAN CUP" облыстық пікірсайыс турниріне қатынасқан Атырау қаласы №27 И.Тайманов атындағы орта мектебінің "Исатай жастары" командасы алғыс хатпен марапатталды.
Спикерлер: Ерсұлтан Ақмаржан, Алтыбай Аружан.
Жетекшісі: Қабдиева Әлия
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1201105460380888&id=100014443350259
Ағымдағы жылдың 30 қараша күні 1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күніне арналған «Жас Ұлан» ұйым мүшелерінің ұйымдастыруымен мерекелік шара лездеме өтті.
Мақсаты: Қазақстан Республикасының тұңғыш Президентінің өмір жолы, жүргізген саясаты туралы мағлұмат беру. Шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу.
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1215053818986052&id=100014443350259
2021 жылдың 14 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының құрылғанына 10 жыл толуына орай «Ұланымыз ұлы елдің» атты VIII облыстық форумы өтті. "Жас Ұлан" ұйымы қатарына Атырау қаласы №27 И. Тайманов атындағы орта мектебінің оқушылары қабылданды. Салтанатты қабылдау шарасы барысында ұйымға қабылданушылар отансүйгіш болуға, ел мен жерді, ата-ананы қадірлеуге, оқуда озат, еңбекте адал болуға, табиғатты аялауға ант берді. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мукашева Гулфани Шакуовна Қазақстан Республикасы ақпарат және қоғамдық даму министірлігінің Алғыс хатымен марапатталды.
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1225983037893130&id=100014443350259
2021 жылы желтоқсан айында «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына қабылданғаны үшін жас ұлан мүшелеріне сертификат табыс етілді.
Мектебіміздің жылдың ең үздік оқушысы «Жыл үздігі - 2021» атағына 7 сынып оқушысы Сағынғалиева Дильназ марапатталды.
Ағымдағы жылдың 4 ақпан күні "Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымының іс - шара жоспарына сәйкес ұйым мүшелері Сағынғалиева Дильназ және Дастемова Венераның ұйымдастыруымен 5 сынып оқушыларына "Салауатты өмір - жарқын болашақ" атты тренинг сағатын өткізді.
Мақсаты: Оқушылардың салауатты өмір туралы ұғымдарын кеңейту, жағымсыз әдеттердің ішімдік, темекі, есірткінің адам ағзасын бұзатын қасиетін ашып көрсету.
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1256437328181034&id=100014443350259
Ағымдағы жылдың 4 ақпан күні "Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымының іс - шара жоспарына сәйкес ұйым мүшелерінің ұйымдастыруымен 5 сыныптар арасында "Спорт - есірткіге қарсы" ұранымен мектепішілік эстафета ойындары өтті.
Шараның мақсаты: оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттыру, оқушыларды ұйымшылдыққа, достыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу және оқушыларды жылдамдыққа, шапшаңдыққа үйрету. Оқушылар ойынға шын ниетпен беріліп, бірінші орын үшін бар күшін салып күресті.
Жарыс қорытындысы бойынша Алғыс хатпен 5 "в" және 5 "б" сынып командасы, үшінші орынға 5 "ғ" сынып командасы ие болса, екінші орынды 5 "г" сынып командасы ұтып алды. Ал бірінші орын 5 "ә" сынып командасына берілді.
Жарыс ұйымдастырушылары оқушыларды құттықтап, дипломмен марапатталды.
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1256603164831117&id=100014443350259
Ағымдағы жылдың 7 ақпан күні Атырау қаласы N27 И.Тайманов атындағы орта мектебінің "Жас Ұлан" ұйымының белсенді мүшесі Бердіғали Бейбарыс және Ұланбасы Сапар Бексұлтанның ұйымдастыруымен 3 сынып оқушыларының қатысуымен оқушыларды отансүйгіштікке, адамгершілікке, отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында «Рәміздер - рухымыз, ар – ожданымыз» атты тәрбие сағатын өткізді.
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1259896214501812&id=100014443350259
2022 жылдың 8 ақпан күні "Жас тәртіп сақшылары" клубының жоспарына сәйкес "Жас Ұлан" ұйымының белсенді мүшесі Молдабай Нұрайдың ұйымдастыруымен 4 сынып оқушыларының қатынасуымен өткен "Жол ережесін білейік, аман-есен жүрейік!" тақырыбында таныстырылым болып өтті. Жас өрендерге жол белгілерінің түрлері, жолда жүру ережесі туралы көптеген мағлұматтар берілді. Және жол қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау керектігі ескертілді.
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1260037987820968&id=100014443350259
Ағымдағы жылдың 9 ақпан күні "Жас Ұлан" ұйым мүшесі Жаңбыр Сымбаттың ұйымдастыруымен 5 "а" сынып оқушыларының қатынасуымен "Құқық - өмір айнасы" атты тәрбие сағаты өтті. Мақсаты: Жастардың құқықтық салауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен таныстыру, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстыру. Қоғамның заңдары мен нормаларын
орындауға, құқықтарын біліп оны құрметтеуге тәрбиелеу.
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1260105184480915&id=100014443350259
Ағымдағы жылдың 9 ақпан күні "Жас Ұлан" ұйым мүшелері Амирова Қарақат және Құрал Далиданың ұйымдастыруымен 5 сынып оқушыларының қатынасуымен «Жемқорлықсыз өмір - адалдықтың бастауы» тақырыбында тренинг өтті.
Мақсаты: оқушыларды шыншылдыққа, адалдыққа үйрету, адал еңбек етуге, өз елінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске ат салысуға баулу арқылы азаматтық - патриоттық тәрбие беру.
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1260385691119531&id=100014443350259
Ағымдағы жылдың 10 ақпан күні "Жас Ұлан" ұйым мүшесі Сағынғалиева Дильназ және ұйым ұланбасшысы Сапар Бексұлтанның ұйымдастыруымен 5 сынып оқушыларының қатынасуымен "Білім - бақыттың қазығы" атты интеллектуалды ойын-сайысы өткізілді.
Мақсаты: Оқушылардың білімдерін жинақтап,тереңдету. Қызығушылықтарын арттырып, шапшаңдыққа баулу, белсенділіктерін арттыру. Топпен жұмыс істей отырып, өзгенің пікірін құрметтеуге, ұйымшылдыққа баулу.
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1260463737778393&id=100014443350259
2022 жылдың 11 ақпан күні "Жас тәртіп сақшылары" клубының жоспарына сәйкес "Жас Ұлан" ұйымының белсенді мүшелері Жанқұл Ерасыл, Аскатов Даулет және Сағынғалиева Дильназдың ұйымдастыруымен құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында 4 "б" және 5 "а" сыныбының ұл балалары қатынасуымен "Тәртіп - тәрбие бастауы, тәртіпсіздік өмірдің қас жауы" тақырыбында тәрбие сағаты өтті.
Мақсаты: оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгiлерiмен, түрлерімен таныстыру, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстыру. Қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға, құқықтары біліп оны құрметтеуге тәрбиелеу.
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1260529237771843&id=100014443350259
Ағымдағы жылдың 26 қаңтар - 4 ақпан аралығында 4 - 8 сыныптар арасында "Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымының іс - шара жоспарына сәйкес "Тұрмыстық қалдық заттарға екінші өмір сыйла" атты мектепішілік онлайн байқау ұйымдастырылды.
Мақсаты: Оқушылар қалдық заттарды тиімді пайдалану, табиғатты қорғап аялау жұмыстарын жасау. Креативті ойларын көрсетіп,шығармашылыққа баулу.
Қоғам тазалығы және біздің қаламыздың экологиясын жақсарту үшін жағдай туғызу.
Байқауда оқушылар үздік шыққан жұмыстары бойынша жүлделі орындарға иеленіп, диплом және алғыс хаттармен марапатталды.
Байқау қорытындысы:
Бастауыш сыныптар бойынша:
Алғыс хат:
- Аманғали Кәусар - 4 "ә" сынып оқушысы
- Жамбыл Аружан - 4 "ә" сынып оқушысы
- Сағидолла Шыңғысхан - 4 "ғ" сынып оқушысы
III дәрежелі:
- Насипқали Мирас - 4 "а" сынып оқушысы
- Уахитов Нұрислам - 4 "а" сынып оқушысы
- Альшер Аяна - 4 "ә" сынып оқушысы
- Талгатбек Асемай - 4 "ә" сынып оқушысы
- Тұрсынбек Ернұр - 4 "ғ" сынып оқушысы
II дәрежелі:
- Мақсот Саягүл - 4 "а" сынып оқушысы
- Жақсылық Нұрбақыт - 4 "ә" сынып оқушысы
- Жасболатқызы Аяулым - 4 "а" сынып оқушысы
I дәрежелі:
- Жаңабай Жанель - 4 "ә" сынып оқушысы
- Маратов Диас - 4 "ә" сынып оқушысы
- Қабдол Айсұлтан - 4 "ә" сынып оқушысы
- Бөкенбай Назгүл - 4 "б" сынып оқушысы
- Ізбасқан Айша - 4 "ғ" сынып оқушысы
- Мұғалім Каусар - 4 "а" сынып оқушысы
Бас жүлде:
- Тілектес Жақия - 4 "ғ" сынып оқушысы
5 - 8 сыныптар арасында:
Алғыс хат:
- Узакбаева Аида - 5 "б" сынып оқушысы
- Қалбаев Нұрсұлтан - 5 "г" сынып оқушысы
- Қуаныш Төлес - 6 "а" сынып оқушысы
- Уразова Ару - 6 "ә" сынып оқушысы
- Уапов Ибрагим - 6 "г" сынып оқушысы
- Ысмағұл Назира - 6 "г" сынып оқушысы
- Қайрат Жанарай - 6 "г" сынып оқушысы
- Баймурзиев Алихан - 6 "г" сынып оқушысы
- Мырзабаева Сабина - 7 "ә" сынып оқушысы
III дәрежелі:
- Қасымқызы Несібе - 7 "в" сынып оқушысы
- Бисембай Назерке - 5 "а" сынып оқушысы
II дәрежелі:
- Талап Іңкәр - 6 "г" сынып оқушысы
I дәрежелі:
- Бағытжан Ислам - 5 "б" сынып оқушысы
- Айсекен Амина - 5 "а" сынып оқушысы
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1260777457747021&id=100014443350259
"Тарихи тұлғалар тағылымы" жобасы аясында оқушыларды тарихымызды білуге, жалпы адамзаттық құндылықтарды бағалауға, отансүйгіштікке, еліміздің, туған жердің әлеуметтік, мәдени дамуына үлес қосқан тұлғалардың өмірі мен өнегесін насихаттау мақсатында мектебіміздің оқушылары дайындаған бейнероликті ұсынамыз.
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1271964799961620&id=100014443350259
Мектебіміздің белсенді оқушылары дайындаған 1-наурыз Алғыс айту күніне орай мектебіміздің тазалықшы апаларымызға арнаған құттықтау бейнеролигін назарларыңызға ұсынады.
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1272181706606596&id=100014443350259
"Жас Ұлан" ұйымының ұланбасшысы Сапар Бексұлтан Нұрланұлының 1 наурыз - Алғыс айту күніне арналған құттықтауы...
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1272242646600502&id=100014443350259
Мектебіміздің белсенді оқушылары 1 наурыз - Алғыс айту күніне орай ізгі тілектерін білдірді.
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1272389559919144&id=100014443350259
Ағымдағы жылдың 18 мамыры күні "Жас Ұлан" бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына 21 жас қыран, 20 жас ұлан ұйым мүшелерін салтанатты қабылдау жиыны өтті.
Мақсаты: Өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікке тәрбиелеу.
Оқушылар Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» ұйымының қатарына кіре отырып, Қазақстан Республикасының патриоты болуға, Мемлекеттік Рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге, туған елін, жерін мақтаныш етуге, ата – анасын қадірлеуге, салауатты өмір салтын ұстануға, Тәуелсіз еліміздің білімді, жігерлі, парасатты, отансүйгіш азаматы болуға салтанатты түрде ант берді.
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1324347861389980&id=100014443350259
Еліміздің болашағы – ұрпақ тәрбиесінде. Елдің болашағын баянды ететін жастар, жас ұландар. Олар әрқашанда қоғаммен біте қайнасып әр бала өзін сан алуан қырынан танытады. «Жас Ұлан» мүшелері әрдайым тума таланттарымен, ұшқыр қиялдарымен, өрен өнерлерімен, асқақ армандарымен, әдеп-ибаларымен қашанда ерекшеленіп тұрады. «Жас ұлан» ұйымының белді де белсенді мүшелері алдағы уақытта да Қазақстан Республикасының өсіп-өркендеуіне, көркейіп-гүлденуіне ат салысып, үлес қосады деген сенімдемін. Болашақта еліміздің сан саласына табан тірейтін қазіргі жас ұланның ел иелігіне қызмет жасайтың кезеңінде де қандай тәрбие мен өнеге алғанын, ұлағатты ұстаздардың төккен шуағы мен балалығының бірде бір күн бос өтпегенін есіне салатын ұйым ретінде мәңгі есте қалатынына сенімдімін. Жас ұландардың қазақ елінің баянды болашағының тарихи жауапкершілігі өз мойындарында екенін сезіп, Мәңгілік елдің асыл мұраттарын іске асыратын мәңгілік ел ұландары болатынына сенімім мол.
https://taimanovsch27.edu.kz/as8c9as8c9a8c.html#sigFreeId336ef440e0