03 Қаз 2020
Материал №27 И.Тайманов

Тәрбие жұмысы

27  И.Тайманов атындағы орта мектебі

2021 – 2022  оқу жылы бойынша

Тәрбиенің кешенді бағдарламасының орындалу есебі

 

    Атырау қаласы №27 И.Тайманов атындағы орта мектебінде  1 қыркүйек - Білім күніне арналған «Кел,балалар,оқылық» тақырыбында салтанатты жиын өткізілді. 2021-2022 оқу жылында 1 сынып оқушылары үшін алғашқы қоңырау соғылып, бүлдіршіндер мектеп табалдырығын аттады. Шарада мектеп директоры оқушыларға құттықтау тілегін білдіріп, 1-сынып оқушыларына салтанатты түрде «Әліппе» оқулығын табыстады.

    Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, 2-11 сынып оқушыларына «Тәуелсіздік жетістіктері» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.

 https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1156809984810436&id=100014443350259

        Атырау қаласы №27 И.Тайманов атындағы орта мектебінде Отбасы күнін өткізу бойынша іс-шаралар жоспары жасақталып, сыныптарда санитариялық - эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып "Отбасым - менің қамалым" отбасы апталығы аясында сынып сағаттары өткізілді. Апталық мақсаты отбасылық құндылықтарды насихаттап, отбасы мәселесінің маңыздылығына, отбасы құндылығына және дәстүрлеріне қоғамның назарын аудару. https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1162554144236020&id=100014443350259

     Ағымдағы жылдың 9 қыркүйек күні Атырау қаласы №27 И.Тайманов атындағы орта мектебінде "Абайлаңыз, балалар!" акциясы аясында жол қауіпсіздігін сақтау мақсатында Атырау қалалық полициясы №2 бөлімшесінің аға лейтенанты Бекет Бердәулетов мектебіміздің 1 - 4 сынып оқушыларына жолда жүру ережелерімен таныстырып, практикалық түрде жаяу жүргіншілер жолағымен жүру тәртібін үйретті.

Алдағы уақытта да оқушыларымызға жол қауіпсіздігі туралы іс-шаралар өз жалғасын таба бермек. https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1162580374233397&id=100014443350259

 

      Ағымдағы жылдың 15 қыркүйек күні Атырау қаласы №27 И.Тайманов атындағы орта мектебінде 13-19 қыркүйек аралығында Республика аумағында өткізіліп жатырған «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Атырау №2 ҚПБ ЖПҚБ ЮПТ УПИ-і полиция аға лейтенанты Гузель Куркембаева мектебіміздің 8 сынып оқушыларына «Құқықтық тәртіп» тақырыбында және ҚР әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 442 бабы «Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғын жайдан тыс жерде болуы» және 435 бабы «Кәмелетке толмаған адам жасаған бұзақылық» бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1165644250593676&id=100014443350259

      Ағымдағы жылдың 15 қыркүйек күні Атырау қаласы №27 И.Тайманов атындағы орта мектебінде 13 -19 қыркүйек аралығында Республика аумағында өткізіліп жатырған «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Атырау №2 ҚПБ ЖПҚБ ЮПТ УПИ-і полиция аға лейтенанты Гузель Куркембаева және мектеп медбикесімен бірге мектебіміздің 8 сынып оқушыларына «Зорлық-зомбылық» тақырыбында және ҚР қылмыстық құқық бұзушылық кодексінің 122 бабы мен, отбасындағы зорлық-зомбылық және жыныстық қол сұғушылықтың алдын-алу туралы ережелері мен ескертпелер тақырыбында түсінік жұмыстары жүргізілді.

 https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1165655373925897&id=100014443350259

      Ағымдағы жылдың 15 - 16 қыркүйек күндері Атырау қаласы №27 И.Тайманов атындағы орта мектебінде ZOOM және WhatsApp платформасында ата-аналар жиналысы өтті.

Күн тәртібінде төмендегідей мәселелер қаралды:

  1. XXI ғасырдағы ата-ана: өз балаңа үлгі бол.
  2. 2021-2022 оқу жылының басталуы (ата-аналарға ұйымдастыру мәселесі бойынша толық ақпарат беру)
  3. Ағымдағы мәселелер. https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1165943167230451&id=100014443350259

       Атырау қаласы №27 И.Тайманов атындағы орта мектебінде "Тіл мәртебесі - ел мәртебесі" тілдер апталығы аясында мемлекеттік тілдің маңызы мен мәртебесін кеңінен насихаттау, өзге ұлт өкілдері арасында қазақ тілін білу деңгейін көтеру және оқып үйренуге деген ықыласы мен қызығушылығын арттыру мақсатында сыныптарда сынып сағаттары өтті.

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1166158670542234&id=100014443350259

      Атырау қаласы №27 И.Тайманов атындағы орта мектеп бойынша Қазақстан Республикасы халқының тілдер мерекесіне арналған "Қазақстан - үш тұғырлы тілді мемлекет: Мемлекеттік тілі-қазақ тілі" тілдер апталығы аясында шаралар ұйымдастырылды. https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1175481256276642&id=100014443350259

      Атырау қаласы №27 И.Тайманов атындағы орта мектеп бойынша  "Ұстаз  -  ұлағатым, үлгі өнегем" атты апталық аясындағы іс-шаралар жоспарына сәйкес сыныптарда сынып сағаттары, сурет көрмесі ұйымдастырылды.

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1176517206173047&id=100014443350259

     Көпті көрген дана-гөй қарттарымыздың өнегелі өмірін үлгі ете отырып, ғибрат боларлық сөздерін бойларына сіңіріп, үлкенге құрмет, кішіге ізет ете білетін инабатты, ақылды, ата - баба аманатына адал, ұлттық тәлім - тәрбиені бойына сіңірген, еңбекқор, кішіпейіл, мейірімді, төзімді, өнерлі тұлға тәрбиелеу мақсатында Атырау қаласы №27 И.Тайманов атындағы орта мектеп кітапханасы мен №5 Атырау қалалық кітапханасымен бірлескен іс шара жоспарына сәйкес "Қарттарым - асыл қазынам" атты шарасы өтті. Шарада мектебіміздің белсенді өнерлі оқушылары мерекелік ән-шашуын арнады. Ардагерлер өздерінің жүрек жарды тілектерін айтып, баталарын берді.

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1177863446038423&id=100014443350259

     Атырау қаласы №27 И.Тайманов атындағы орта мектепте ағымдағы жылдың 4-8 қазан аралығында Халықаралық қыздар күніне арналған Республикалық апталық  аясында сыныптарда сынып сағаттары, спорттық шара, тренинг, "Қыз бала гигиенасы және денсаулығы" тақырыбында мектеп медбикесімен ақпараттық-санитарлық жұмыстары, мектептің "Сымбат" қыздар ұйымының жетекшісі К. Жумагалиева және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г. Мукашева қатынасуымен қыз балалармен жиналыс өтті. https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1181350085689759&id=100014443350259

    Ағымдағы жылдың 13 қазан күні Атырау қаласы №27 И.Тайманов атындағы орта мектебінің  9 - 11 сынып оқушыларының қатысуымен діни экстремизмнің алдын алу мақсатында Атырау облысы Дін істері басқармасы "Ақпараттық талдау орталығы" КММ-нің заңгері - Рахимов Әліби Талғатұлы  және "Жардем-Атырау" корпоративтік қорының директоры - Жаулин Ербол Еділұлымен,  "Шапағат" деструктивті діни ағымдардан зардап шеккендерге көмек орталығының теологы  Сариев Сұлтангелді Серікұлы мамандарымен кездесу өтті. https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1189202874904480&id=100014443350259

    Ағымдағы жылдың 20 қазан күні Атырау қаласы №27 И.Тайманов атындағы орта мектебінің 9 -11 сынып оқушыларының қатысуымен Кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қатысты  жасалатын қылмыстардың алдын алу бағыты бойынша ҚПБ  №2 ҚПБ ЖПҚ ЮПТ УПИ-ы полиция майоры  А.Бақтыгереева,  аға лейтенант  Д.Доскалиева және дәрігер гинеколог маманмен жиналыс өтті.

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1189193054905462&id=100014443350259

      Ағымдағы жылдың 22 қазан күні Атырау қаласы №27 И.Тайманов атындағы орта мектебі және №5 қалалық кітапхана бөлімімен бірлескен іс-шара жоспары бойынша                      9 сыныптардың қатысуымен Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығына арналған кеш өтті.

     Мақсаты: Оқушыларды ақын шығармашылығымен, өмірбаянымен, азаматтық тұлғасымен таныстыру, поэзияны сүюге, ақын өлеңдерін сүйіп оқуға, оның құдіретін сезінуге тәрбиелеу.

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1191712871320147&id=100014443350259

28.10.2021 ж

     Атырау қалалық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен,  Атырау облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының бірлесуімен, "Нұр белес" қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен "Спорттық еріктілік" бағыты бойынша оқытудан өткен Атырау қаласының №22, №27, №28 орта мектептердің жас еріктілері арасында "Спорт - денсаулық негізі" тақырыбында өткізілген спорттық шараға белсене қатынасқаны үшін  Атырау қаласы №27 И.Тайманов атындағы орта мектебінің командасы II орынға ие болды.

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1193707517787349&id=100014443350259

Ағымдағы жылдың 1 – 5 қараша аралығында  "Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымының ұйымдастыруымен мектепішілік "Күз аруы - 2021" онлайн байқауы ұйымдастырылды.

Байқау қорытындысы:

5 сыныптар арасында "Күз аруы - 2021" номинациясын әрі бас жүлдені

5 "г" сынып аруы - Қуанғали Сабина;

I орынды 5 "а" сынып аруы - Берікқызы Кәусар;

II орынды 5 "ғ" сынып аруы - Ерланқызы Асылжан

III орынды 5 "в" сынып аруы - Марат Көркем;

6 сыныптар арасында:

I орынды 6 "а" сынып аруы - Жолдығали Айлин;

II орынды 6 "ғ" сынып аруы - Абдирова Балауса;

III орынды 6 "г" сынып аруы - Ысмағұл Назира иеленді.

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1199020837256017&id=100014443350259

     "Жас Ұлан" бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына 10 жыл: айқын мақсат, межелі бағыт, көшбасшы тұлғасын қалыптастыру тақырыбындағы ұйым көшбасшылары мен жетекші-тәлімгерлерге арналған ағымдағы жылдың 13 қазан күні болған слетке қатысқаны үшін Атырау қаласы №27 И.Тайманов атындағы орта мектебінің тәлімгері Мұхамбет Әсемгүл Мақсотқалиқызы алғыс хатпен және мектептің "Жас Ұлан" ББЖ ұйымының белсенді мүшелері "Жас Ұлан " ББЖҰ ҚБ-нің төрайымы Мартагүл Төлеуқызынан Алғыс хат және сертификаттармен марапатталды.

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1201707226987378&id=100014443350259

       Ағымдағы жылдың 1 - 5 қараша күндері  күзгі каникул кезінде балалардың демалысын, бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында  іс - шаралар жоспарына сәйкес                                  5 - 6 сыныптар арасында "Күз аруы  -  2021" онлайн байқауы, 6 "г" сынып оқушыларының қатысуымен спорттық жарыстар, 8 сыныптар арасында волейбол ойыны өткізілді.

      8 сыныптар арасында "Білімді ұрпақ  -  ел болашағы" атты интеллектуалды сайыс ұйымдастырылды. https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1202879910203443&id=100014443350259

        Ағымдағы жылдың 6 қараша күні Атырау облысы мектеп оқушылары арасындағы                      "Жас Ұлан" бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының 10 жылдығына арналған                        "ZhAS ULAN CUP" облыстық пікірсайыс турниріне қатынасқан Атырау қаласы №27 И.Тайманов атындағы орта мектебінің "Исатай жастары" командасы алғыс хатпен марапатталды.

Спикерлер: Ерсұлтан Ақмаржан, Алтыбай Аружан.

Жетекшісі: Қабдиева Әлия https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1201105460380888&id=100014443350259

     Ағымдағы жылдың  10 қараша  күні "Әдептілік - адамгершіліктің белгісі" тақырыбында  сынып сағаттары өткізілді.

     Мақсаты:  Оқушыларды қарым - қатынас мәдениетіне үйрету, олардың әдеп, әдеп сақтау ұғымдары туралы түсініктерін кеңейту;  оқушыларға қоғамдық көліктерде үлкендерге орын беру, сыпайы  жауап беру, үлкендерді сыйлау тақырыбында әңгімелесу, түсіндіру.

 

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1204259180065516&id=100014443350259

     2021 жылдың 13 қараша күні  Атырау қаласы  білім бөлімінің ұйымдастыруымен  оқушылар арасында нашақорлық пен есірткіге тәуелділіктің алдын алуға бағытталған "Менің таңдауым - саламатты болашақ!"  үздік театрландырылған  қойылымдар конкурсына  қатынасқаны үшін Атырау қаласы №27 Исатай Тайманов атындағы орта мектебінің белсенді оқушылары  Алғыс хатпен марапатталды.

                                                                     

     Ағымдағы жылдың 17 - 18 қараша күндері  ZOOM және WhatsApp платформасында                 ата-аналар жиналысы өтті.

Күн тәртібінде төмендегідей мәселелер қаралды:

  1. Әдептілік - тәрбие белгісі (слайд арқылы)
  2. І тоқсан қорытындысы
  3. Ағымдағы мәселелер

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1208093806348720&id=100014443350259

      1 желтоқсан – Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай «XXI ғасыр жастары ЖИТС-ке қарсы» атты сурет көрмесі өтті.

     Мақсаты - оқушыларға ЖИТС-ның қазіргі таңдағы адамзаттың басты проблемасы екенін, оның зиянды жақтарын түсіндіру, ғасыр дертіне айналып отырған кеселдің залалын жан-жақты меңгерту, зиянды әдеттен барынша аулақ болуға шақыру.

Сурет көрмесіне қатысушылар алғыс хат және дипломдармен марапатталды.

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1215029565655144&id=100014443350259



       1 желтоқсан - Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күні мемлекеттік мерекесіне орай іс-шаралар жоспарына сәйкес кітапхана көрмесі жасалынып, сынып оқушылары көрмеге барып, Елбасы өмірімен танысты.

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1215043338987100&id=100014443350259

     Ағымдағы жылдың 30 қараша күні 1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күніне арналған сынып сағаттары, мерекелік шара лездеме өтті.

     Мақсаты: Қазақстан Республикасының тұңғыш Президентінің өмір жолы, жүргізген саясаты туралы мағлұмат беру. Шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу.

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1215053818986052&id=100014443350259

      30 қараша күні 1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күніне орай "Елбасы мұраты - салауатты Қазақстан" атты 5 сынып оқушыларының қатысуымен эстафеталық жарыс өтті.

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1215266822298085&id=100014443350259

      Ағымдағы жылдың 2 желтоқсан күні  Атырау №2 ҚПБ ЖПҚБ ЮПТ УПИ-і полиция аға лейтенанты Гузель Куркембаева мектебіміздің 9, 10 сынып оқушыларына жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықты болдырмау мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1215931388898295&id=100014443350259

      Ағымдағы жылдың 2 желтоқсан күні  Атырау қалалық №3 емханасының дәрігер-психологы Айнур Жұмабайқызы 9 сынып оқушыларына шылым шегудің зияны мен алдын алу бойынша түсінік жұмыстарын жүргізді. Оқушыларға шылым шегуден болатын әр түрлі ауруларды, олардың адам ағзасына зиянын жіті түсіндіріп, тренинг соңында оқушыларға сауалнама жүргізді. Түсіндірме жұмыс нәтижесінде оқушылар шылым шегуге тәуелділіктің болашақтары үшін бұрыс қадам екенін, денсаулықтарына зиян келтіретінін түсінді.

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1215950405563060&id=100014443350259

      Ағымдағы жылдың  4 - 8 желтоқсан күндері "Вейп - денсаулыққа өте қауіпті!" апталығы аясында электронды шылым проблемасының маңыздылығын ескере отырып, қатерлі заттардың қатарын азайту мақсатында «Ұрпақ саулығы – ұлт саулығы» тақырыбында түсіндірме жұмыстары, сынып сағаттары өткізілді.

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1219356541889113&id=100014443350259

     Ағымдағы жылдың 14 желтоқсан күні Тәуелсіздіктің  30 жылдығына арналған "Тәуелсіздікке тарту" атты мектепішілік іс-шаралар жоспары аясында мектебіміздің кітапханашысы мен №5 Атырау қалалық кітапханасымен бірлескен "Тұғыры биік Тәуелсіздік" атты патриоттық кеш ұйымдастырылды. Мақсаты: оқушыларға тәуелсіздік туралы түсіндіру, егеменді елiмiздiң толағай табыстарын паш ету, ынтымак пен татулыққа бiрлiгiмiз жарасқан Қазақ елі екенімізді мақтана айтуға, елін, туған жерін сүюге тәрбиелеу, тәуелсіздікті аңсаған ата-баба аманатына адал болуға, ұлтжандылыққа, дiнi мен тiлiн сүйе білуге үйрету, баулу.

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1225465967944837&id=100014443350259

      Тәуелсіздіктің  30 жылдығына арналған "Тәуелсіздікке тарту" атты мектепішілік іс-шаралар жоспары аясында жас ұрпақ бойына еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру мақсатында сыныптарда бірыңғай тәрбие сағаттары өтті.

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1225524267939007&id=100014443350259

     2021 жылдың 14 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының құрылғанына                         10 жыл толуына орай «Ұланымыз ұлы елдің» атты VIII облыстық форумы өтті.  "Жас Ұлан" ұйымы қатарына Атырау қаласы №27 И. Тайманов атындағы орта мектебінің оқушылары қабылданды. Салтанатты қабылдау шарасы барысында ұйымға қабылданушылар отансүйгіш болуға, ел мен жерді, ата-ананы қадірлеуге, оқуда озат, еңбекте адал болуға, табиғатты аялауға ант берді.  Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мукашева Гулфани Шакуовна Қазақстан Республикасы ақпарат және қоғамдық даму министірлігінің Алғыс хатымен марапатталды.

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1225983037893130&id=100014443350259

    Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған "Тәуелсіздікке тарту"  атты мектепішілік іс-шаралар жоспары аясында жас ұрпақ бойына еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру мақсатында  1-11 сыныптар арасында суреттер көрмесі, "Қазақстан  - Бәйтерек" көрме байқауы,  "Мен - Тәуелсіз елдің ұланымын" тақырыбында эссе байқауы  ұйымдастырылып, үздік шыққан жұмыстар  жүлделі орындарды иеленіп, диплом және алғыс хаттармен марапатталды.

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1232415170583250&id=100014443350259

     Тәуелсіздіктің  30 жылдығына орай "Жыл үздіктері  - 2021" атты жылдың қорытынды шарасы ұйымдастырылды.  Шара барысында мектебіміздің қоғамдық жұмыстарына, қалалық, облыстық шараларда белсенділік танытып жүрген үздік оқушылар марапатталды.

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1232441583913942&id=100014443350259

        Балалардың өмір қауіпсіздігі ережелері туралы білімдерін қалыптастыру, мұзға түсіп кету фактілерінің алдын-алу мақсатында оқушыларға түсінік жұмыстары жүргізіліп, жаднамалар таратылды.

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1233005813857519&id=100014443350259

    Жаңа жыл қарсаңында мерекелік көңіл күй сыйлау мақсатында үйден оқитын оқушымыз Қарасаева Кәусарға Президент атынан ұсынылған жаңа жылдық сыйлықтар табыс етілді.

   Сонымен қатар,  Атырау қалалық білім бөлімінен ұсынылған Жаңа жылдық тәтті сыйлықтар 20 оқушыға және демеушіміз Наурыз ағай балаларға қуаныш сыйлау мақсатында мектебіміздің көп балалы, аз қамтылған отбасы балаларына жаңа жылдық тәтті сыйлықтары үлестірілді.

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1242683969556370&id=100014443350259

"Қазақстан балалары - қысқы ертегі" қысқы каникул кезінде балалардың демалысын, бос  уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында "Қысқы көріністер" атты сурет байқауы ұйымдастырылды.

 Сурет байқауына қатысушылар алғыс хат және дипломдармен марапатталды.

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1242666356224798&id=100014443350259

"Қазақстан балалары - қысқы ғажайып" тақырыбымен оқушылардың қысқы демалысын қызықты әрі тиімді ұйымдастыру мақсатында сынып оқушылары қысқы каникулдарында шанамен сырғанап, қысқы қызығына батты.

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1242714516219982&id=100014443350259

 

«Қазақстан балалары – қысқы ғажайып!» қысқы каникул кезінде балалардың демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру мақсатында 2 "г" сынып оқушысы Бағдат Алматтың қызықты химиялық тәжірибелерін ұсынамыз.

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1242688556222578&id=100014443350259

  "Қазақстан балалары - қысқы ертегі" балалардың демалысын, бос уақытын тиімді ұйымдастыру бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес "Жаңа жыл - отбасылық мереке" тақырыбында оқушылардың дайындаған фотоколлажы. Оқушылар жаңа жылды өз отбасымен керемет қарсы алды. Әр бала үшін, жаңа жыл ең әдемі,ең қызық есте қаларлық мереке. https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1243627119462055&id=100014443350259

  Әке - жарық дүниедегі ең жақын адамның бірі. Әкені құрметтеу, оның отбасындағы орнын қастерлеп, қадірлеу кез келген баланың перзенттік борышы.

   17-21 қаңтар аралығында "Әке - шаңырақтың негізгі тірегі" атты  апталық аясында сынып сағаттары өтті.  Сынып оқушылары  әкелеріне арнап  бейнешығарылымдарын дайындады.

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1245683455923088&id=100014443350259

      2022 жылдың 20 - 21 қаңтар күндері ​ ZOOM және WhatsApp платформасында ата-аналар жиналысы өтті.​ ​

Күн тәртібінде төмендегідей мәселелер қаралды.

  1. I жарты жылдық қорытындысы (сынып бойынша оқу-тәрбие есебі)
  2. Тәрбиенің ең тамаша мектебі - отбасы (слайд арқылы)​ ​ ​ ​ Баяндамашы:​ Сынып жетекші
  3. Қылмыс - қоғамдағы қауіпті әрекет

(слайд арқылы)​ ​ ​ ​                                                                           Баяндамашы:​ Сынып жетекші

  1. Ағымдағы мәселелер

 

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1247608355730598&id=100014443350259

     2022 жылдың  21 қаңтар күні жасөспірім қыздар арасында ерте жүктіліктің алдын алу іс  - шаралар жоспары бойынша  8 - 11 сыныптың қыз балаларына кеңес беру мақсатында                №3  Атырау қалалық емханананың дәрігер-гинекологы Пернебеков Иман Серикбекович  және психолог маманмен "Ерте жастағы жүктіліктің алдын алу" тақырыбында  онлайн режимінде кездесу өтті. Онда қыздарға ерте жүктіліктің салдары қандай болады; оның адам өміріне тигізетін келешектегі қауіп-қатері қандай; тағы басқада осындай үлкен сұрақтың төңірегінде әңгіме қозғалды. Қыздардың тарапынан қойған сұрақтары мен пікірлері талқыланды. Кездесу соңында жасөспірім қыздарға салауатты өмір салтын ұстануға, өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарауға кеңестер берілді.

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1247951265696307&id=100014443350259

       2022 жылдың  22 қаңтар күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы тәрбие үрдісін насихаттау мақсатында "Адал Ұрпақ" клубының іс-шара жоспарына сәйкес, мектебіміздің "Исатай жастары" дебат клуб мүшелерінің қатысуымен "Жемқорлықсыз қоғамға қадам" тақырыбында онлайн режимінде  пікірталас ұйымдастырылды.

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1247956535695780&id=100014443350259

      2022 жылдың 26 қаңтар күні мектебіміздің психологы  Жалелова Аймаржан  Кенжебайқызының ұйымдастыруымен  5 сыныптар арасында «Адалдық -  асыл қасиет»  атты тренинг өтті.

     Мақсаты:  оқушылардың өзіне деген сенімділігін арттыру, жанында жүрген жақын адамдарға мейірімділік таныту, сүйіспеншілік құндылығын дамыту.

 

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1250530432105057&id=100014443350259

    2022 жылдың  25 – 28 қаңтар аралығында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында 3 - 4 сынып оқушылары «Адал еңбектің кейіпкерлері» тақырыбында және                            5 - 6 сынып оқушыларының қатысуымен «Біздің қоғамда - жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында сурет байқауы ұйымдастырылды.

Мақсаты: қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, өскелең ұрпақты адал еңбекке үйрету, еліміздің ертеңі жарқын болатынындай азаматтарды тәрбиелеу.

Сурет байқауында оқушылар үздік шыққан жұмыстары бойынша жүлделі орындарға иеленіп, диплом және алғыс хаттармен марапатталды.

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1253926935098740&id=100014443350259

      2022 жылдың 30 қаңтар күні  "Адал Ұрпақ" клубының іс-шара жоспарына сәйкес, мектебіміздің "Исатай жастары" дебат клуб мүшелерінің қатысуымен «Қоғамдық тәртіп негіздері» атты пікірталас практикумы өтті.

Мақсаты: Қоғамның әртүрлі орталарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, оған қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып, құқықтық мағлұмат беру. Саяси өмірден хабардар жеке тұлғаны қалыптастыра отырып, шәкірттердің еркін сөйлеуіне, қоғамға деген өз ой пікірлерімен санасуға жағдай жасау.

 

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1254131068411660&id=100014443350259

     Нашақорлықтың алдын - алу бойынша iс - шаралар жоспарына сәйкес адам ағзасына кері əсерін тигізетін зиянды заттардан аулақ болуға шақыру, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында 7 - 9 сыныптар арасында "Есірткісіз жарқын өмір" тақырыбында онлайн сурет көрмесі ұйымдастырылды.

Байқау қорытындысы:

III дәрежелі: Жарасқызы Назира - 7 «ә» сынып оқушысы

III дәрежелі: Жомарт Самал - 7 «ғ» сынып оқушысы

III дәрежелі: Күнтуаров Аслан - 8 «б» сынып оқушысы

II дәрежелі: Қуаныш Төлес - 6 «а» сынып оқушысы

II дәрежелі: Мырзабаева Сабина - 7 «ә» сынып оқушысы

I дәрежелі: Лесова Ботагоз - 9 «б» сынып оқушысы

 

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1254537458371021&id=100014443350259

     2022 жылдың  2 ақпан күні "Құқықтық сауаттылық  -  заман талабы" атты апталық аясында  11 сынып оқушыларының қатынасуымен сынып сағаты өтті.

Мақсаты: оқушылардың құқықтық білімдерін тексере отырып, заң алдындағы жауапкершілікті арттыру, Конституцияны, құқықтық нормативтік актілерді орындай, құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке, елжандылыққа,құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу.

 

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1254603878364379&id=100014443350259

       Ағымдағы жылдың  4 ақпан күні  Нашақорлықтың алдын алу  іс-шаралар жоспарына сәйкес  биология пәні мұғалімі  Қабдиева Әлия  Болатқызы   7 "ғ" сыныбына  "Нашақорлық  -  ғасыр дерті"  тақырыбында  ашық сабақ өткізді.

Мақсаты:

      Оқушыларға адамзат ұрпағына төніп тұрған, ғасыр дертіне айналып отырған нашақорлықтың зардаптарын түсіндіру, зиянды заттардан аулақ болуға шақыру, алдын алу, саналы да салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1256169104874523&id=100014443350259

    Ағымдағы жылдың 4 ақпан күні  "Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымының іс  - шара жоспарына сәйкес ұйым мүшелері Сағынғалиева Дильназ және Дастемова Венераның ұйымдастыруымен 5 сынып оқушыларына  "Салауатты өмір - жарқын болашақ" атты тренинг сағатын өткізді.

     Мақсаты:  Оқушылардың салауатты өмір туралы ұғымдарын кеңейту, жағымсыз әдеттердің ішімдік, темекі, есірткінің адам ағзасын бұзатын қасиетін ашып көрсету.

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1256437328181034&id=100014443350259

       Ағымдағы жылдың 4 ақпан күні  "Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымының іс - шара жоспарына сәйкес  ұйым мүшелерінің ұйымдастыруымен  5 сыныптар арасында  "Спорт  -  есірткіге қарсы" ұранымен мектепішілік эстафета ойындары өтті.

     Шараның мақсаты: оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттыру, оқушыларды ұйымшылдыққа, достыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу және оқушыларды жылдамдыққа, шапшаңдыққа үйрету. Оқушылар ойынға шын ниетпен беріліп, бірінші орын үшін бар күшін салып күресті.

     Жарыс қорытындысы бойынша  Алғыс хатпен  5 "в" және  5 "б" сынып командасы, үшінші орынға  5 "ғ" сынып командасы ие болса, екінші орынды 5 "г" сынып  командасы ұтып алды. Ал бірінші орын 

5 "ә" сынып командасына берілді.

    Жарыс ұйымдастырушылары оқушыларды құттықтап, дипломмен марапатталды.

 

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1256603164831117&id=100014443350259

      Ағымдағы жылдың 9 ақпан күні  Атырау қаласы №27 И.Тайманов атындағы орта мектеп кітапханасында жыр дүлділі, ақиық ақынымыз Мұқағали Мақатаевты еске алу мақсатында мектеп кітапханасында «Мұқағали  -  мәңгiлiк ғұмыр» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, мектеп оқушыларына таныстырылды.

Мақсаты:  М.Мақатаевтың өмiрiмен және шығармашылығымен таныстыра отырып, өлеңдерiн мәнерлеп оқуға шақыру болып табылады.

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1259413454550088&id=100014443350259

      Ағымдағы жылдың 7 ақпан күні Атырау қаласы N27 И.Тайманов атындағы орта мектебінің  "Жас Ұлан" ұйымының белсенді мүшесі Бердіғали Бейбарыс және Ұланбасы Сапар Бексұлтанның ұйымдастыруымен 3 сынып оқушыларының қатысуымен  оқушыларды отансүйгіштікке, адамгершілікке, отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында «Рәміздер - рухымыз, ар – ожданымыз»  атты тәрбие сағатын өткізді.

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1259896214501812&id=100014443350259

      2022 жылдың  8 ақпан күні  "Жас тәртіп сақшылары" клубының жоспарына сәйкес  "Жас Ұлан" ұйымының белсенді мүшесі  Молдабай Нұрайдың ұйымдастыруымен   4 сынып оқушыларының қатынасуымен өткен "Жол ережесін білейік, аман-есен жүрейік!" тақырыбында таныстырылым болып өтті. Жас өрендерге жол белгілерінің түрлері, жолда жүру ережесі туралы көптеген мағлұматтар берілді. Және жол қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау керектігі ескертілді.

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1260037987820968&id=100014443350259

       Ағымдағы жылдың 9 ақпан күні  "Жас Ұлан" ұйым мүшесі Жаңбыр Сымбаттың ұйымдастыруымен  5 "а" сынып оқушыларының қатынасуымен  "Құқық - өмір айнасы" атты тәрбие сағаты өтті. Мақсаты: Жастардың құқықтық салауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен таныстыру, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстыру. Қоғамның заңдары мен нормаларын

орындауға, құқықтарын біліп оны құрметтеуге тәрбиелеу.

 

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1260105184480915&id=100014443350259

      Ағымдағы жылдың 9 ақпан күні  "Жас Ұлан" ұйым мүшелері Амирова Қарақат және Құрал Далиданың ұйымдастыруымен 5 сынып оқушыларының қатынасуымен   «Жемқорлықсыз өмір - адалдықтың бастауы» тақырыбында тренинг өтті. 

Мақсаты: оқушыларды шыншылдыққа, адалдыққа үйрету,  адал еңбек етуге, өз елінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске ат салысуға баулу арқылы азаматтық - патриоттық тәрбие беру.

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1260385691119531&id=100014443350259

       Ағымдағы жылдың 10 ақпан күні  "Жас Ұлан" ұйым мүшесі Сағынғалиева Дильназ және ұйым ұланбасшысы Сапар Бексұлтанның ұйымдастыруымен 5 сынып оқушыларының қатынасуымен "Білім  - бақыттың қазығы" атты интеллектуалды ойын-сайысы өткізілді.

Мақсаты: Оқушылардың білімдерін жинақтап,тереңдету. Қызығушылықтарын арттырып, шапшаңдыққа баулу, белсенділіктерін арттыру. Топпен жұмыс істей отырып, өзгенің пікірін құрметтеуге, ұйымшылдыққа баулу.

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1260463737778393&id=100014443350259

     2022 жылдың 11 ақпан күні "Жас тәртіп сақшылары" клубының жоспарына сәйкес "Жас Ұлан" ұйымының белсенді мүшелері Жанқұл Ерасыл, Аскатов Даулет және Сағынғалиева Дильназдың ұйымдастыруымен құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында

4 "б" және 5 "а" сыныбының ұл балалары қатынасуымен "Тәртіп - тәрбие бастауы, тәртіпсіздік өмірдің қас жауы" тақырыбында тәрбие сағаты өтті.

Мақсаты: оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгiлерiмен, түрлерімен таныстыру, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстыру. Қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға, құқықтары біліп оны құрметтеуге тәрбиелеу.

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1260529237771843&id=100014443350259

      Ағымдағы жылдың 26 қаңтар -  4 ақпан аралығында 4 - 8 сыныптар арасында "Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымының іс - шара жоспарына сәйкес "Тұрмыстық қалдық заттарға екінші өмір сыйла" атты мектепішілік онлайн байқау ұйымдастырылды.

Мақсаты: Оқушылар қалдық заттарды тиімді пайдалану, табиғатты қорғап аялау жұмыстарын жасау. Креативті ойларын көрсетіп,шығармашылыққа баулу.

Қоғам тазалығы және біздің қаламыздың экологиясын жақсарту үшін жағдай туғызу.

Байқауда оқушылар үздік шыққан жұмыстары бойынша жүлделі орындарға иеленіп, диплом және алғыс хаттармен марапатталды.

Байқау қорытындысы:

Бастауыш сыныптар бойынша:

Алғыс хат:

  1. Аманғали Кәусар - 4 "ә" сынып оқушысы
  2. Жамбыл Аружан - 4 "ә" сынып оқушысы
  3. Сағидолла Шыңғысхан - 4 "ғ" сынып оқушысы

III дәрежелі:

  1. Насипқали Мирас - 4 "а" сынып оқушысы
  2. Уахитов Нұрислам - 4 "а" сынып оқушысы
  3. Альшер Аяна - 4 "ә" сынып оқушысы
  4. Талгатбек Асемай - 4 "ә" сынып оқушысы
  5. Тұрсынбек Ернұр - 4 "ғ" сынып оқушысы

II дәрежелі:

  1. Мақсот Саягүл - 4 "а" сынып оқушысы
  2. Жақсылық Нұрбақыт - 4 "ә" сынып оқушысы
  3. Жасболатқызы Аяулым - 4 "а" сынып оқушысы

I дәрежелі:

  1. Жаңабай Жанель - 4 "ә" сынып оқушысы
  2. Маратов Диас - 4 "ә" сынып оқушысы
  3. Қабдол Айсұлтан - 4 "ә" сынып оқушысы
  4. Бөкенбай Назгүл - 4 "б" сынып оқушысы
  5. Ізбасқан Айша - 4 "ғ" сынып оқушысы
  6. Мұғалім Каусар - 4 "а" сынып оқушысы

Бас жүлде:

  1. Тілектес Жақия - 4 "ғ" сынып оқушысы

5 - 8 сыныптар арасында:

Алғыс хат:

  1. Узакбаева Аида - 5 "б" сынып оқушысы
  2. Қалбаев Нұрсұлтан - 5 "г" сынып оқушысы
  3. Қуаныш Төлес - 6 "а" сынып оқушысы
  4. Уразова Ару - 6 "ә" сынып оқушысы
  5. Уапов Ибрагим - 6 "г" сынып оқушысы
  6. Ысмағұл Назира - 6 "г" сынып оқушысы
  7. Қайрат Жанарай - 6 "г" сынып оқушысы
  8. Баймурзиев Алихан - 6 "г" сынып оқушысы
  9. Мырзабаева Сабина - 7 "ә" сынып оқушысы

III дәрежелі:

  1. Қасымқызы Несібе - 7 "в" сынып оқушысы
  2. Бисембай Назерке - 5 "а" сынып оқушысы

II дәрежелі:

  1. Талап Іңкәр - 6 "г" сынып оқушысы

I дәрежелі:

  1. Бағытжан Ислам - 5 "б" сынып оқушысы
  2. Айсекен Амина - 5 "а" сынып оқушысы

 

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1260777457747021&id=100014443350259

     2022 жылдың  14 - 17 ақпан аралығында "Балалардың жолдағы қауіпсіздігі" жедел профилактикалық іс-шара аясында мектеп инспекторы, полиция аға лейтенанты  Г. Куркембаева бастауыш сынып оқушыларына жол жүру ережелері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1263563597468407&id=100014443350259

       14 ақпан - «Халықаралық кітап сыйлау күніне» орай мектебіміздің кітапханашылары Абишева Л, Буданова Ш ұйымдастыруымен   "Жақындарыңызға кітап сыйлап қуантыңыз" атты мектепішілік акция өтті.

Мақсаты: Оқушыларды кітап оқуға, мейірімділікке және кітап оқу арқылы ой-өрістерін дамыту, рухани байлығын толықтыру, шығармашылық қабілеттерін арттыру.

     Мектебіміздің оқушылары жақын адамдарына, мектеп кітапханасына білім толы қазыналы сыйды тарту етті.

     Оқушылар оқыған кітаптарынан ой бөлісіп,кітаптарын оқуға ұсынды.

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1262402220917878&id=100014443350259

     Ағымдағы жылдың 18 ақпан күні мектебіміздің кітапхана меңгерушісі Л.Абишева және №5 қалалық кітапханамен бірлесе ұйымдастыруымен Қазақ әдебиетінде, қала бердi қазақ қоғамында үлкен орны бар ақын Төлеген Айбергенұлының  85 жылдық мерей тойына арналған «Шынайы талант - мәңгілік ғұмыр» атты әдеби сазды кешi өтті.

    Кештің мақсаты: Қазақ халқының рухани мәдениетiнiң iрi тұлғаларының бiрi Төлеген Айбергеновтың өмір жолы мен асыл мұраларын оқырман қауымға таныстыру.

 

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1264886510669449&id=100014443350259

      Ағымдағы жылдың 25 ақпан күні мектебіміздің кітапхана меңгерушісі Л.Абишева және қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен  «Оқуға құштар мектеп» жобасы негiзiнде М.Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясын насихаттау мақсатында өткізілген «Оқырман отбасы» байқауы өтті. 

  Мақсаты: М.Әуезовтің «Абай жолы» роман эпопеясындағы ұлы Абайдың даналығын, ұлттық тәрбие берудегі маңыздылығын және қоғамды дамытудағы, басым міндеттердің бірі ретінде кітап оқу дәстүрін жаңғыртып насихаттау.

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1269453130212787&id=100014443350259

      6 - 8 сынып жас буын пікірсайысшылар арасында “Алғашқы қадам" КПФ форматындағы қалалық пікірсайыс турнирінде мектебіміздің "Исатай жастары" дебат клубының намысын қорғап қатысқан жас буын пікірсайысшылары Сапар Бексұлтан, Қасым Мұхаммад, Садиева Алия                        39 команда ішінен  жүлделі  ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

   Сонымен қоса клубымыздың мүшесі Сапар Бексұлтан 117 спикер ішінен                  “Үздік сараптамашы “ номинациясына ие болды.

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1270722460085854&id=100014443350259

     "Тарихи тұлғалар тағылымы" жобасы аясында  оқушыларды тарихымызды білуге, жалпы адамзаттық құндылықтарды бағалауға, отансүйгіштікке, еліміздің, туған жердің әлеуметтік, мәдени дамуына үлес қосқан тұлғалардың өмірі мен өнегесін насихаттау мақсатында мектебіміздің оқушылары дайындаған бейнероликті ұсынамыз.    

 https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1271964799961620&id=100014443350259

      Мектебіміздің  белсенді оқушылары дайындаған  1-наурыз Алғыс айту күніне орай мектебіміздің тазалықшы апаларымызға арнаған құттықтау бейнеролигін назарларыңызға ұсынады.

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1272181706606596&id=100014443350259

     "Жас Ұлан" ұйымының ұланбасшысы   Сапар Бексұлтан Нұрланұлының                   1 наурыз - Алғыс айту күніне арналған құттықтауы...

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1272242646600502&id=100014443350259

        Мектебіміздің белсенді оқушылары мен ұстаздары  1 наурыз  -  Алғыс айту күніне орай  ізгі тілектерін білдірді.

 

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1272389559919144&id=100014443350259

 

         

1-наурыз Алғыс айту күніне арналған “Алғыс айту парызым” атты апталықтың іс-шаралар жоспарына сәйкес сыныптарда сынып сағаттары өтті.

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1272475016577265&id=100014443350259

      17.02 – 28.02 аралығында өткен сынып жетекшілердің жаңашылдық, шығармашылық қабілеттерін дамыту жолдары тақырыбында сынып жетекшілер онкүндігі өтті.

Мақсаты:

  • Оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыра отырып, тұлғаны қалыптасуда сынып жетекшілердің шеберлігін шыңдау, сынып жетекшілерді шығармашылықпен жұмыс істеуге бағыттау.

 

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1273298429828257&id=100014443350259

      8 наурыз мерекесіне орай "Қыздарға әсемдік жарасады" атты апталық аясында сыныптарда сынып сағаттары өтті.

 

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1277325032758930&id=100014443350259

      2022 жылы 15 - 18 наурыз аралығында "Отбасы және Жанұя"  жедел профилактикалық іс-шарасы аясында мектебіміздің оқушыларына алаяқтықтың  алдын алу және қаржы пирамидаларының қызметі бойынша ювеналды полиция  инспекторы   Г. Куркембаева профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

      Іс-шараның басты мақсаты – кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстарды, балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу, жолын кесу, сондай-ақ құқыққа қайшы іс-әрекеттерге жол бермеу, кәмелетке толмағандарға алкогольдік және темекі өнімдерін сату, олардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз ойын-сауық мекемелері мен тұрғын үй-жайлардан тыс жерлерде болмау керектігін түсіндіру.

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1280711205753646&id=100014443350259

       Ағымдағы жылдың  4 - 11 наурыз аралығында "Қыздарға әсемдік жарасады" атты қыздар апталығы өтті.

       Мақсаты: Қыз баланың тәрбиесін, әдептілік әдемілік, сұлулықтың жаршысы екеніне мән беріп, қыз баланың ата-анасының құрметтеуге, салт-дәстүрді сыйлауға, үлкенге ізет, кішіге ілтипат көрсетуге, инабаттылыққа тәрбиелеу және аналарының қазақ қыздарын әсемдікке, қолөнермен баулу;

        Осыған орай 5 сыныптар арасында "Көктем аруы-2022" сайысы өтті.   Бас жүлдені 5 "б" сынып оқушысы Жауынбай Іңкәр иеленді.

         6 сыныптар арасында "Екі жұлдыз" ән байқауы ұйымдастырылды.  Бас жүлде  6 "ғ" сыныбы иеленді.

         7 сыныптар арасында "Өмірім-өнерімен өрнектелген" қыздармен кездесу кеші ұйымдастырылды.

         8 сынып қыздары арасында "Қыз еркем- шашыранды көркем" атты шаш үлгісі ұйымдастырылды.   "Ерекше шаш үлгісі" номинациясымен 8 "г" сынып оқушысы Юсуп Наргиз марапатталды. Бас жүлдемен 8 "г" сынып қыз балалары марапатталды.

 

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1282742485550518&id=100014443350259

       Ағымдағы жылдың 15 - 18 наурыз аралығында  Атырау қаласы аумағында өтіп жатырған  “Жанұя және бала” жедел профилактикалық іс-шарасы кезінде Атырау қалалық  №2 ҚПБ ювеналды полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Г.Куркембаева  “Отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу” тақырыбында жасырын сауалнама жүргізді.

      Жасырын сауалнама Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және балаларға қатыгездікпен  қараудың алдын алу мақсатында  өткізілді.

 

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1282759562215477&id=100014443350259

       Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне орай барлық сыныптарда  "Қош келдің, Әз Наурыз" атты  сынып сағаттары өтті.

        Мақсаты: Халқымыздын салт-дәстүрін, әдет- ғұрпын үйрете отырып, "Наурыз" қазақтың ұлттық мейрамы екенін ұғындыру.

 

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1284756948682405&id=100014443350259

             Мектебіміздің белсенді оқушылары  және дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен  7 сәуір - Дүниежүзілік денсаулық күніне орай іс шаралар аясында спорттық эстафеталар, ұлттық ойындар, трининг жұмыстары өтті.

 

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1297611850730248&id=100014443350259

      12 сәуір – Қазақстанда ғылым саласы қызметкерлерінің күні. Бұл күн қазіргі Қазақстандағы ғылыми қызметті ұйымдастырудың бастауында тұрған адамның Қазақ КСР Ғылым Академиясының тұңғыш Президенті Қаныш Имантайұлы Сәтпаевтың туған күнімен тікелей байланысты. Қаныш Сәтпаев  өзінің бүкіл өмірін ғылым мен оны дамытуға арнады.Оның туған күніне орай Қазақстанда ғылым қызметкерлері күні атап өтіледі.

     Осыған байланысты мектебімізде "Қ.И.Сәтбаев.Ғылым мен білімнің дамуына қосқан үлесі" атты тақырыбында барлық сыныпта сынып сағаттары өтті.

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1299908033833963&id=100014443350259

       Қалалық білім бөлімінің 2022 жылғы 7 сәуірдегі #03-04-01-12/955 хаты негізінде,

12 сәуір елімізде аталып өтілетін ғылыми қызметкерлер күніне орай мектеп кітапханасында мектебіміздің белсенді оқушыларының қатынасуымен  "Ғасырдың ұлы тұлғасы" атты әдеби-танымдық шарасы өтті.

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1299922927165807&id=100014443350259

       Ағымдағы жылдың 13 сәуір күні 9 сынып оқушыларының қатынасуымен «Мен таңдаған жол» тақырыбында тренинг өтті.

      Мақсаты: Кәсіптік бағдар таңдау бойынша психологиялық қолдау көрсету.

 

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1300333837124716&id=100014443350259

      Халықаралық интернет күніне орай дәстүрлі түрде ұйымдастырылып отыратын "Қауіпсіз интернет" тақырыбында сынып сағаттары өтті.

      Мақсаты: кәмелетке толмағандар арасында интернет ресурстарды қолдану мәдениетін қалыптастыру, балалардың интернетке кіру белсенділігін бақылауға қатысты ересек қолданушылардың жауапкершілігін арттыру.

 

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1300895663735200&id=100014443350259

      2022 жылдың  14-15 сәуір күндері  7 - 10 сыныптың қыз балаларына кеңес беру мақсатында Атырау қалалық  №3 емханананың акушер - гинекологы Шакибалиева Гулфара  және психолог маман Балтаева Айнурмен "Ерте жастағы жүктіліктің алдын алу" тақырыбында кездесу өтті. Онда қыздарға ерте жүктіліктің салдары қандай болады; оның адам өміріне тигізетін келешектегі қауіп-қатері қандай; тағы басқада осындай үлкен сұрақтың төңірегінде әңгіме қозғалды. Қыздардың тарапынан қойған сұрақтары мен пікірлері талқыланды. Кездесу соңында жасөспірім қыздарға салауатты өмір салтын ұстануға, өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарауға кеңестер берілді.

 

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1302353726922727&id=100014443350259

       Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен 2022 жыл жарияланған балалар жылы аясында ағымдағы жылдың 11-15 сәуір аралығында "Мен және менің полицейім" тақырыбында имидждік акциясы барысында кәмелетке толмағандардың құқықтық сауаттылығын қалыптастыру, отбасылық және рухани құндылықтарды насихаттау мақсатында және кәмелетке толмағандарды полиция жұмысымен таныстыру, қауіпсіздік шараларын үйрету мақсатында  Атырау қаласы №2 ҚПБ ЖПҚБ ЮПТ УПИ-і полиция аға лейтенанты Гузель Куркембаева мектебіміздің оқушыларымен "Полицей - дос және қорғаушы" тақырыбында әңгіме сағаты мен ашық сұхбат өткізілді. Шара барысында оқушылар өз сұрақтарына жауап алды.

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1305105909980842&id=100014443350259

  1 мамыр  -  Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай  Қазақстандағы бейбітшілік пен келісімді нығайту, азаматтарды ел дамуының ортақ міндеті айналасына топтастыру, ортақ мәдени  - рухани құндылықтар мен жалпыұлттық сананы қалыптастыру мақсатында барлық сыныптарда "Бірлік сабағы" өтті.

 

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1305775586580541&id=100014443350259

       Ағымдағы жылдың 18-25 сәуір аралығында "Табиғат және мен" атты экология апталығының іс шаралар жоспарына сәйкес сыныптарда сынып сағаттары өткізілді.

    Іс-шараның мақсаты:  адам мен табиғат арасындағы байланыс туралы негізгі идеяларды, экологиялық мәдениетті, салауатты өмір салтын және экологиялық проблемаларды түсіну негізінде жеке қасиеттер ретінде моральдық  - экологиялық жауапкершілікті қалыптастыру.

  Оқушылардың шығармашылық жұмыстары ілініп, көрме жасақталды.

 

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1306920306466069&id=100014443350259

      Ағымдағы жылдың 29 сәуір күні  2022 жылдың 25 сәуір - 20 мамыр аралығында Республика көлемінде “Абайлаңыз балалар” акциясы және 25-29 сәуір аралығында "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шара аясында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Мукашева және полиция аға лейтенанты Г.Куркембаева мектебіміздің оқушыларына түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Іс-шара мақсаты: Жолда жүру қауіпсіздік шараларын алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын-алу, түнгі уақытта 23:00-06:00 аралығында мекен-жайдан тыс жерде ата-анасыз жүруге болмайтындығы, төбелес фактілерінің алдын-алу,әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтарды болдырмау.

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1311495976008502&id=100014443350259

     Ағымдағы жылдың 25-26 сәуір күндері 1-мамыр Қазақстан халықтары бірлігі күні мерекесіне орай балалардың бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейтіп, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу мақсатында 5-10 сыныптар арасында "Бейбітшілік - ел тілегі" атты әртүрлі ұлт өкілдері арасында фестиваль ұйымдастырылды. Фестивальда оқушылар  әр ұлт өкілдерінің дәстүрі мен мәдениетінен сыр шертіп, ұлттық тағамдарын таныстырып, өз өнерлерін ортаға салды.

 

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1311519412672825&id=100014443350259

     

    Қарулы Күштерінің 30 жылдығын және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің

77 жылдығын мерекелеуге арналған іс-шаралар жоспарына сай сыныптарда сынып сағаттары мен ұлдар арасында футбол ойындары өтті. 

    Мақсаты: Өз Отанын қорғап, жер бетіне бейбітшілік орнату үшін, болашақ ұрпақтың бақыты үшін күрескен батырлар, майданда қаза болған жауынгерлердің ержүректілігі, төзімділіктері мен қайсарлықтарын айта отырып, патриоттық сезімдерін қалыптастыру.

 

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1316878462136920&id=100014443350259

      7 мамыр  -  Отан қорғаушылар күніне орай  5-7 сынып ұлдары арасында  «Сегіз қырлы, бір сырлы, жігіттер»  атты жігіт сұлтаны сайысы өтті.

    Байқаудың мақсаты - ұлттық өнерімізді жан-жақты таныта білу, салт-дәстүрді дәріптеуге үйрету, жігіттерді отансүйгіштікке, батылдық пен батырлыққа баулу, шешендікке, тапқырлыққа, алғырлыққа тәрбиелеу.

    Сайыс бағдарламасы 4 бөлімнен тұрды: таныстыру, өз өнерлерін көрсету, пародия, сән үлгісі.

   Барлық қатысушылар өте керемет өнер көрсетіп, жоғары деңгейдегі дайындықтарды көрсете білді.

 

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1321429738348459&id=100014443350259

12 мамыр - Экологиялық білім күніне орай  сыныптарда сынып сағаттары мен ашық сабақтары өтті.

     Мақсаты: Туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, экологиялық білімді қалыптастыру, туған жер табиғатты қорғауға баулу. Оқушыларға табиғаттың адам өміріндегі зор маңыздылығын насихаттай отырып, оны аялауға, сақтап қорғауға өз үлестерін қосуға жұмылдыру; мейірбандыққа баулу, экологиялық білімдерін молайту.

 

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1320925721732194&id=100014443350259

       2022 жылдың 13 мамыр күні Атырау облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы мен «ANGEL.NBA» мекемесі ұйымдастыруларымен мектебіміздің  оқушылары арасында «Коронавирустық инфекцияның және ЖРВИ-дың алдын алу» тақырыбында семинар/ тренинг өткізілді.

Мақсаты: Коронавирустық инфекция мен ЖРВИ жөнінде ақпарат беру, салауатты өмір салтын насихаттау. Шара аясында оқушыларға коронавирустық инфекция мен ЖРВИ-дың алдын алу жолдары, сақтық шаралары және олардың белгілері, сақтану жолдары туралы ақпарат жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ оқушылардың қойған сұрақтарына орталық дәрігер маманы Тайбуриева Гульвира Адылгалиевна толықтай жауап берді. Шара соңында оқушыларға ақпараттық - оқыту материалдары таратылды.

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1320935638397869&id=100014443350259

      15 мамыр - Халықаралық отбасы күніне арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес отбасы құндылықтарын насихаттау, ата-анасы мен жақындарын құрметтеу сезімдерін нығайту, ұрпақтар сабақтастығын дамыту мақсатында сыныптарда сынып сағаттары өтті және сынып оқушыларының дайындаған фотоколлаж және бейнероликтер жасақталды.

 

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1321437395014360&id=100014443350259

       Ағымдағы жылдың  18 мамыры күні "Жас Ұлан" бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына   21 жас қыран, 20 жас ұлан ұйым мүшелерін салтанатты қабылдау жиыны өтті.

   Мақсаты:  Өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікке тәрбиелеу.

   Оқушылар Республикалық бірыңғай  «Жас Ұлан»  ұйымының қатарына кіре отырып, Қазақстан Республикасының патриоты болуға, Мемлекеттік Рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге, туған елін, жерін мақтаныш етуге, ата – анасын қадірлеуге, салауатты өмір салтын ұстануға, Тәуелсіз еліміздің білімді, жігерлі, парасатты, отансүйгіш азаматы болуға салтанатты түрде ант берді.

 

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1324347861389980&id=100014443350259

      "Тарихи тұлғалар тағылымы" жобасы аясында Атырау қаласы N27 И.Тайманов атындағы орта мектебінің 5-6 сынып оқушылары қазақ даласындағы ең тарихи орындардың бірі "Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени мұражайға барып, туған жердің тарихы мен тарихи жәдігерлерімен танысып, рухани демалып қайтты.

 

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1326110197880413&id=100014443350259

     Атырау қаласы білім бөлімі, төтенше жағдайлар басқармасының

2022 жылдың 25 сәуірдегі №29-17-6-15/330 санды хатына сәйкес, ағымдағы жылдың

20-25 мамыр аралығында жазғы демалыс уақытында балалардың қауіпсіздігінің алдын алу мақсатында сыныптарда сынып сағаттары өтті.

 

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1325346717956761&id=100014443350259

     "Тарихи тұлғалар тағылымы" жобасының  "Түлектер тартуы" акциясы аясында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мукашева Гулфани Шакуовнаның ұйымдастыруымен  2020-2021 оқу жылында 9 сыныпты бітірген түлектер – бүгінгі студенттері мен  9 сынып оқушыларымен кездесу жиыны өтті. 

Мақсаты:  

-    Еліміздің, туған жердің саяси, экономикалық, әлеуметтік дамуына үлес қосқан тұлғалардың өмір өнегесін, мол мұраларының маңыздылығын насихаттау, оқушыларды тарихымызды білуге, бағалауға, үлгі етуге тәрбиелеу, жалпы адамзаттық құндылықтарды бағалауға, Отансүйгіштікке тәрбиелеу.

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1327624401062326&id=100014443350259

       Ағымдағы жылдың 24 мамыр күні  1-4, 5-8 сынып оқушыларының қатынасуымен биылғы 2021-2022 оқу жылының аяқталуына орай "Сыңғырла, соңғы қоңырау" атты лездемелік жиыны өтті.  Жиында директордың оқу ісі орынбасарлары оқу озаттарын мақтау қағазымен марапаттап, жылы лебіздерін білдірді. Сонымен қатар, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары  Г. Мукашева қоғамдық жұмыстарға белсене қатысқан оқушыларды мадақтама қағазымен марапаттады.

   Лездемелік жиын мерекелік ән-шашумен аяқталды.

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1328900570934709&id=100014443350259

       Талай дарынды да білімді ұрпақтарды білім көкжиегіне тәрбиелеген 2021 - 2022 оқу жылының  «Сыңғырла, соңғы қоңырау» атты мерекесіне арналған салтанатты жиыны өтті.

       Салтанатты шараның шымылдығы еліміздің Әнұранымен ашылды. Алғаш болып сөз алған мектеп директорының уақытша міндетін атқарушы С.Жаниева оқушылар мен ұстаздарды мерекелерімен құттықтап, мектеп бітіруші түлектерге ақ тілегін жеткізді.

          1 сынып бүлдіршіндері бітіруші түлектерге арналған өлеңдерін арнады.

Мектеп бітіруші түлектердің сынып жетекшілері мен алғашқы ұстаздары құттықтау сөздерін айтып, түлектерге сәттілік тіледі.

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1328996060925160&id=100014443350259

         1 маусым  - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған "Бар жақсылық балаларға" атты мектебіміздің жанынан ашылған "Шағала" жазғы лагерінің  ашылу салтанаты  өткізілді. Алғаш болып сөз алған мектеп директорының міндетін уақытша атқарушы С.Жаниева балаларды мерекесімен құттықтап, бүлдіршіндерді лагерьге белсене қатысуларын, бос уақыттарын тиімді пайдалану жолдарын айтты.

        Мерекелік шарада балалар қызықты ойындар ойнап, өлең айтып, би биледі. Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында  «Бақытты балалық шақ» тақырыбында асфальтқа сурет салынды.

        Аталмыш шарада «Халық Банкі» АҚ Атырау филиалы карточкалық бизнес орталығының басшысы Олжағалиева Айсамал Сабырқызы, карточкалық бизнес орталығының менеджерлері Садиева Динара Кадиржанқызы, Самархан Арайлым,  Асанов Ерсұлтан Ахатұлы балаларға мерекелік құттықтау лебіздерін білдіріп, арнайы мерекеге көп балалы аз қамтылған  отбасылардың балаларына сыйлықтарын ұсынды.

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1333751230449643&id=100014443350259

9 жыл оқып, білімің түсті молдана

Аттестат алғалы тұрсың мектеп деген ордада.

Аттестат деген – азаматтық куәсі,

Аттестат деген - өмірге берген жолдама

       13.06.22 күні 9-шы сыныпты аяқтаушы оқушыларға арнап "ТҮЛЕК 2022 жаңа Қазақстанның ертеңі" атты аттестат тапсыру салтанатты жиыны өтті. Негізгі орта білім туралы аттестат 95 оқушыға салтанатты түрде табысталды. Үздік аттестатқа  12 оқушымыз лайықты болды. Бүгінгі негізгі орта мектепті бітіруші 9-сынып оқушылары үшін ерекше күн, өмірдің бір маңызды баспалдағы. Жақсы біліммен, тағылымды тәрбиемен өскен ұл - қыздарымыз Отанымыздың қазынасы, елдің ертеңгі елеулі тірегі.

          Құрметті түлектер сіздерге Сәт - сапар және ақ жол тілейміз. Өйткені болашақтарыңыз бүгіннен басталады. Сіздер дәл осы сәттен бастап өміріңізге жаңа бағыт, жолдама алып отырсыздар. Ендеше тылсым өмірдің сындарлы сәттері ертеңгі күнге сенімдеріңізді бекітсін! Ұстаздарыңыз, мектебіңіз соған тілекші. Жолдарыңыз болсын, түлектер!

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1341861776305255&id=100014443350259

      17 маусым күні мектеп бітіруші түлектерге аттестат тапсыру мерекесіне арналған "Түлек 2022 - Жаңа Қазақстанның ертеңі” атты жиын өткізілді.

      Алғашқы құттықтау сөзді мектеп директорының міндетін уақытша атқарушы С.Жаниева алып, алтын ұядан қанат қаққалы тұрған түлектердің қадамына сәт-сапар тіледі. Жүректерге қуаныш-шаттықпен қоса қимастық сезім сыйлаған шарада барша жас түлектерге ыстық ықылас пен ақ тілектер ақтарылды.

      Мектеп директорының міндетін уақытша атқарушы С.Жаниева бітіруші түлектерге жалпы орта білім туралы аттестатпен жекелеген пәндерді үздік оқып, мектеп өміріндегі қоғамдық шараларға белсене ат салысқан, мектеп абыройын асқақтатып жүрген дарынды шәкірттерге айрықша мақтау қағаздарын табыстады.

      11 «А» сыныбы мен 11 "Ә" сынып жетекшілері Темирова Светлана Талапкалиевна, Насирова Тойган Темировна балалық шақпен қоштасып, үлкен өмірге аяқ басқалы тұрған шәкірттеріне ақ жол тіледі.

 

      https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1344512302706869&id=100014443350259


2018 – 2019  оқу жылының  тәрбие жұмысы бойынша  іс – шаралар есебі